Әдістемелік бюро семинары
Химия және химиялық технология факультеті әдістемелік бюросы төрайымы Р.А.Мангазбаеваның ұйымдастыруымен оқу – әдістемелік семинар сабағы өтті. Аталмыш семинар екі күн көлемінде болды: алғашқы күн – теориялық сабақ, екінші күн – практикалық. Бірінші күні пән бойынша оқу бағдарламасын дайындауда ескерілетін жайттар (пән мақсаты, когнитивті, жүйелік, функционалдық міндеттерді ажырата алу) түсіндірілді. Екінші күні әр оқытушы өз пәні бойынша алынған мәліметтер негізінде оқу – әдістемелік кешенін дайындап, факультет әдістемелік кеңесі төрайымымен талқылады.
Басылым күні : 04.03.2020