Fame Lab конкурсы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің студенттері әр түрлі байқауларға қатысады. «6D060600-Химия» мамандығының 2 курс PhD-докторанты Рахым Акмарал (ғылыми жетекші – х.ғ.д., проф. Сейлханова Г.А.) «Fame Lab» Ұлттық конкурсының финалына дейін жетті (https://www.youtube.com/watch?v=Xs7Sxr9lZ_4&t=2583s). 2019 жылдың желтоқсанында Рахым А. «5В072000-БЗХТ» мамандығының 3 курс студенті Шиянова Радмирамен «Өз бизнесіңді қалыптыстыр» байқауында («Сәби» Қоры) өздерінің жобасын ұсынды. Олардың жобасын келесі сілтемеден көруге болады (https://www.instagram.com/p/BujBrGQH5YZ/?igshid=16lqpjnb9vain).

Химия және химиялық технология факультетінде 2020 жылдың 5-7 ақпан аралығында жыл сайынғы «Үздік химик-зерттеуші» Байқауы өтті, оған құрамында Шиянова Радмира, Жигаленок Ярослав, Стародубцева Алена бар «RaYAL» командасы қатысып, 2-орын алды. Жарайсыңдар! Алға!

Басылым күні :  11.02.2020