Ғылыми тағылымдама

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының екінші курс магистранты Манабаева Алуа 2019 жылдың 24 маусымы мен 2 тамыз аралығында Жапонияның Токио қаласындағы Токио университетінде ғылыми-зерттеу тағлымдамасынан өтті. Тағлымдаманы өту барысында Алуа Токио университетінің инженерия факультетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты, профессор Ишида Тетсуяның дәрістеріне қатысты, сондай-ақ университеттің ғылыми кітапханасында болып, өзінің ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстарды жинастырды. Сонымен бірге Манабаева Алуа Сайтама қаласындағы темір жолдар мен поездар өндірісінің зерттеу кәсіпорынында болып, ондағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де танысты. Ғылыми іс-сапарының соңында Манабаева Алуаға тағлымдаманы сәтті аяқтағаны туралы сертификат табыс етілді.

Басылым күні :  05.02.2020