Кешегі тарих – ертеңгі жетістік баспалдағы

31 қаңтар күні 13 жатақханада физикалық химия катализ және мұнайхимиясы кафедрасы аға оқытушылары PhD Құдайбергенов Н.Ж. және PhD Бәкірова Б.С. бірлесе отырып «Кешегі тарих – ертеңгі жетістік баспалдағы» атты тарихи танымдық іс – шарасын өткізді. Тәрбиелік сағат мақсаты – кафедрамен таныстыру және кешегі күнді білу арқылы жарқын болашаққа нық қадам басуға, сонымен қатар, кафедраның бетке ұстар азаматтары өмірін үлгі ете отырып, білімге, ғылымға құштарлықтарын ояту.

            Кеш 1936 жылдан бастау алатын тағылым мол кафедра тарихынан сыр шертуден басталды. Әрі қарай сұрақ – жауап түрінде өз жалғасын тапты. Студенттер жағынан кафедрада оқытылатын сабақтар және ғылыми бағыттар жөнінде сұрақтар көбірек қойылды. Аталмыш кеш студенттерге физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы туралы толыққанды ақпарат берді.

Басылым күні :  05.02.2020