Ашық дәріс

«Химиялық өндірістің негізгі процестері мен аппараттары» пәні бойынша ОЗХТ мамандығының 2 курс студенттеріне «Сұйықтықтарды тасымалдау. Сорғылар және олардың түрлері. Өнімділігі және тегеуріні» тақырыбында ашық дәріс оқылды. Дәріс кеңінен ашылып, тақырып бойынша видеолар көрсетілді. Сабақ соңында алған білімді одан әрі жетілдіру мақсатында сұрақ – жауап ойыны өткізілді. Дәрісті өткізген практикант, 2 курс магистранты Айтжан А.Т. Дәріс физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушысы, х.ғ.к., доцент Ешова Жания Турлыхановнаның ұсыныстарымен және қатысуымен өткізілді.

Басылым күні :  07.12.2019