XII Kazenergy Eurasian Forum

23-нен 29-шы қыркүйек аралығында, елордамыз Нұр-сұлтанда “XII Kazenergy Eurasian Forum” өтті. 27-ші қыркүйек күні "Таза көмір: инновация және экологиялық тазалық" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел жүргізілді. Жыл сайынғы мәдени шара директор Муканов Т., KazEnergy ассоциациясының бас директоры Б. Акшолаков, Қазақстан Пагуош комитетінің хатшысы және профессор Т. Ахметов қатысында және де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің атынан профессор Қайрбеков Ж.К., профессор Кенесов Б.Н., профессор ассистенты Смагулова Н.Т. және PhD доктор Джелдыбаева М.К., Қарағанды университетінің атынан профессор Татеева А.Б., 2 курс PhD докторанты Айтбекова Д.В. қатысында өткізілді. Қазіргі таңда, тау-кен және көмір өндірісі экономикалық дамудағы ең басты шикізат көздерінің бірі. Дөңгелек үстелде бірнеше сұрақтар талқыланды, яғни көмір өндірісін дамытудың жаңа тәсілдері, экологиялық көмір өндірісі, ауыр көмірсутектердің каталитикалық өңделуі. Бұл дөңгелек үстел біздің ғылыми жұмысымыздың өзектілігін арттыруға және практикалық маңыздылығына өз ықпалын тигізеді.

Басылым күні :  11.10.2019