QS Forum 2019 форумы

Қазақ ұлттық университетінің профессорлары мен оқытушылары, сонымен қатар, "Мұнайхимиясы" мамандығының PhD студенттері биыл ҚазҰУ қабырғасында өткен QS Forum 2019 форумының бірінші күнінде болды. Халықаралық ынтымақтастықты орнату және әлем бойынша алдыңғы қатарлы оқу орындарының тәжірибесін қабылдау университет және химия және химиялық технология факультеті үшін басымдықтардың бірі болып табылады. Форум networking-а және одан әрі ынтымақтастық үшін өзара байланысты орнатуға бірегей мүмкіндік береді. Осы ерекше жағдайды пайдалана отырып, біз Малайзиядағы "Петронас" университетінің студенттерді дамыту орталығының директоры - доктор және қауымдастырылған профессор Нурладий Мансормен таныстық. Осылайша, малайзиялық университеттермен бірлескен зерттеулер жүргізу, 10 күннен бастап 1-2 жыл кезеңге дейін тағылымдамадан өту, студенттермен алмасу бағдарламалары саласында одан әрі ынтымақтастық бойынша диалогтық терезе ашылды.

Басылым күні :  19.09.2019