Тілім менің тірегім

1989 жылы 22 қыркүйекте «Тіл туралы» қабылданған Заңға сәйкес химия және химиялық технология факультетінің қабырғасында әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – да өткізіліп жатқан тілдер апталығына орай физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының доценттері Сыздыкова Л.И., Ажигулова Р.Н., аға оқытушы Бәкірова Б.С. «Тілім менің тірегім» атты ашық кураторлық сабағын ұйымдастырды. Аталмыш тәрбие сағатына 1 курс студенттері белсене қатысып, тек химия саласы бойынша ғана үздік емес, сонымен қатар «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін» қағидасын ұстанатын үш тілді жетік меңгерген алғыр, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын ұйымшыл студенттер екендіктерін көрсете білді.

Басылым күні :  19.09.2019