Осы адамдарсыз ешқандай зертханалық жұмыс жүргізілмейді

Химия және химиялық технология факультетінің білім беру бағдарламаларының ерекшелігі, ол 60 % аудиториялық сабақтарды студенттер зертханаларда өткізеді, онда олар үнемі бірдеңе синтездейді, талдайды, өңдейді. Яғни, әрбір зертхананы кіші өндіріс деп есептеп, оны  құру және қолдау қажет. Осы міндетті оқытушы-профессорлар құрамымен қатар оқу-көмекші қызметкерлер атқарады. Жиырма жыл бойы физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафердасында осы қызметті атқаратын жетекші қызметкерлер: Зенина Т.Н., Касабекова Ж.А., Нургалимов Б.Н., Шингисова Р.Д. Олар зертханалық жұмысқа қажет реактивтерді, арнайы құралдарды және т.б.заттарды дайындайды, зертхананың тазалығын сақтап, қауіпсіздік техникасының орындалуына да жауапты. Осы адамдар жұмысқа жауапкершілікпен және шығармашылықпен қатыса отырып, факультеттің білікті мамандарды дайындауда үлкен үлес қосады.

Басылым күні :  04.05.2019