League of Chemists

Осы жылдың сәуірдің 19-шы жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Алматы қаласының ЖОО-нан 10 команда: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚаҰМУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ҰТЗУ, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері қатысқан «League of сhemists» атты дәстүрлі жыл сайынғы конкурс өтті.

Жыл сайын бұл байқау жанкүйерлер мен конкурсты ұйымдастырушыларды өздерінің әлемге деген позитивті көзқарасымен жандандыратын, жеңіске ұмтылған инициатор және өте сүйкімді жастарды жинайды. Конкурс бұрынғыдай достық және жылы атмосферада өтті, қандай команда екеніне қарамастан әр қатысушы әрбір жанкүйердің және қазылар алқасының мүшесінің, ерекше қолдау көрсету нәтижесінде ыстық ықыласқа бөленді. Командалар алты түрлі турда тек химияны ғана емес, сонымен қатар кино, музыка, география және тағы басқа салада командалық бірлікті, өзара қолдауды, креативтілікті және ойлау логикасын көрсете отырып, білім мен біліктілігі бойынша өз бақтарын сынады. Командаларға белсенді қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ойындар мен лотерея ұйымдастырылды. Әділ ойындағы лайықты жеңіс пен бағалы сыйлықпен бірінші орынға Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, «Leaders» командасының студенттері ие болды, екінші орынды Абай атындағы ҚазҰПУ, «БОЛАШАҚ» пен ҚазМҮББУ - «АЛМАЗ» командалары бөлісті. Үшінші орынды 3 команда: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «KHAN AKADEMY», Абай атындағы ҚазҰПУ, «КӨШБАСШЫ» және ҚазМҮББУ - «БУМЕРАНГ» алды. Барлық командалар ойынға белсенді қатысқаны үшін және Алматы қаласының ЖОО студенттері арасында достық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар, жанкүйерлер, ұйымдастырушы-студенттер мен оқытушылар үшін ең үлкен марапат - жылы, мерекелік және шынайы атмосфера орнады. Байқау соңында барлық аудитория жүрек жылуына бөленді. Байқауды ұйымдастырғаны үшін "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығының 3 курс студенттеріне көрсеткен еңбегі, жауапкершілігі, дербестігі, таланты мен креативтілігі үшін ерекше алғыс айтамыз.

Конкурс ұйымдастырушылары мен демеушілері – физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының студенттері мен оқытушылары Батырбаева А.А., Сыздыкова Л.И., Ажигулова Р.Н., Оспанова А.К., Сейлханова Г.А., Усипбекова Е.Ж., Жусупова А.К., Тусупбекова А.С.; «Студенттердің Ғылыми Қоғамы» ұйымы (СҒҚ), Румыния, Бабеш-Боляй университеті, Химия және химиялық инженерия факультетінің профессорлары: Dr. Alexandra Ana CSAVDARI, Dr. Castelia Eugenia CRISTEA, Dr. Vasile Mircea CRISTEA. 

Басылым күні :  02.05.2019