Ересек өмірдің бастауы. Жауапкершілік сабақтары

Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасында "Ересек өмірдің бастауы. Жауапкершілік сабақтары" атты іс-шараны студенттер дайындады. Презентациялық форматта ұсынылған ақпарат жеке тұлғаның даму кезеңдерін, олардың ерекшеліктері туралы көрсетті. Студенттер мен оқытушылар өз мінез-құлқының ерекшеліктерін, олардың дербестік деңгейін анықтауға арналған арнайы тесттен өтті. Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, жеке басынан мысалдар келтірді. Іс-шараға кафедра оқытушылары, магистранттары, докторанттары қатысты.

Өткізілген кураторлық сағат дербестікті, кез келген өмірлік мәселелерді шешудегі жауапкершілікті, борыш сезімін, аға буынды құрметтеуді дамытуға ықпал етеді.

Басылым күні :  30.04.2019