Шахмат - ақыл-ой спорт түрі

"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының оқытушылары Т.С. Абильдин және К.Е. Бурханбеков кафедра магистранттары арасында "Шахмат - ақыл-ой спорт түрі" деген ұранмен блиц - турнир өткізді. Шахмат ойыны қисынды ойлауға, есте сақтауға, нәтижелерін салыстыруға әрі алдын ала болжауға үйретеді, ойлау қабілетін жақсартады және ең маңыздысы бүкіл ықыласын ойлануға жұмылдыра түсуге тәрбиелей отырып, шығармашылық қабілетін дамыта түседі.

Басылым күні :  30.04.2019