«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ»

2019 жылдың сәуір айының 12 жұлдызында «ҒЫЛЫМ» күніне орай халықаралық «Фараби оқулары» мен жас ғалымдарға арналған «Фараби әлемі» атты конференциясының салтанатты жабылу іс-шарасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бірінші проректоры, профессор Бүркітбаев М.М. мырза «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үздік жас ғалымы» сайысының қорытындысымен таныстырып өтті. Сол тізімнің қатарында біздің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Джелдыбаева Индира Мұхаметкерімқызы бар. Жас ғалымды жеңісімен құттықтай отырып, ары қарай биіктеп, ғылымның жаңа белестерін бағындыруын тілейміз. Ұлы ғалым Менделеев Д.И. «Ғылымның нәтижелі болуы біздің оны тек біліммен ғана емес, жүрекпен де қабылдауымызға байланысты» дегеніндей, Индира Мұхаметкерімқызы, біз сіздің ғылыми потенциалыңызға ғана емес, кең жүрегіңізге де сенімдіміз. Сонымен қатар, жас ғалымның ғылыми жетекшісі химия ғылымдарының докторы, профессор Жақсынтай Қайырбекұлына осындай алғыр, дарынды ғалымдарды тәрбиелеп жатқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Жақсынтай Қайырбекұлы сізге ұзақ өмір тілей отырып, сіз және сіздің мектебіңіз Қазақстан Республикасының болашағы екендігіне сенімдіміз!

Басылым күні :  19.04.2019