Хl Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы
2019 жылдың 28-29 наурыз күндері ҚР ЖОО студенттерінің дәстүрлі Хl Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Аталған олимпиадаға "Химия", ОЗХТ және БЗХТ мамандықтарының Қарағанды, Шымкент, Семей, Павлодар, Ақтөбе және Алматы қаласының ЖОО студенттерінен құралған 10 топ бойынша 30 студент қатысты. Олимпиаданың 2 кезеңі бойынша Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасынан дайындалған 5В072100-"ОЗХТ" мамандығының (OXYGEN тобы) 3-курс студенті Ауғанбек Бауыржан Ғабитұлының жалпы 2 кезең бойынша жинаған 233 балы 30 студенттің ішінде ең жоғары болып танылып жүлделі 1-орынға ие болды. Шын жүректен құттықтаймын! Алда бұдан да биік алар асуларың көп болсын деп тілеймін!
Команданың жетекшісі доцент м.а., х.ғ.к. Жақсылықова Гүлбану Жақсылыққызы.