Кәсіби бағдар беру жұмысы

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушылары М. Ганди атындағы №92 орта мектебінде кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша барып қайтты. Кафедра меңгерушісі х.ғ.д., профессор Аубакиров Е.А., аға оқытушы Усипбекова Е.Ж. және PhD докторант Бакирова Б.С. мектеп оқушыларының көкейіндегі жүрген сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар факультетіміз жайлы ақпараттар, жаңа ашылған мамандықтар, таңдау пәндері туралы өзгерістер баса айтылды.

Басылым күні :  06.03.2019