Дарынды оқушы-ұлт болашағы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химиялық технология және химия факультетінің аға оқытушылары Ажигулова Р.Н., Усипбекова Е.Ж. «Қапшағай қаласының Білім Бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен Қапшағай қаласының орта мектеп гимназиясында «Дарынды оқушы-ұлт болашағы» тақырыбында жас ғалымдар көрмесі мен дарынды оқушылармен өткен интелектуалды диалог түріндегі конференцияға қатысты. Өз кезегінде оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, дарынды балалардың еңбектерін бағалап қайтты. Оқушылардың көкейдегі сұрақтарына жауап беріп, университетіміздің артықшылықтары мен ерекшеліктеріне баса назар аудару керектігін түсіндірді. Білім мекемесі оқытушыларға белсене атсалысқандары үшін арнайы сертификаттар тапсырды

Басылым күні :  06.03.2019