Кəсіби бағдар беру жұмысы

19 желтоқсан химия жəне химиялық технология факультеті физикалық химия,катализ жəне мұнайхимия кафедрасы ұйымдастыруымен ҚР мектеп оқушылары үшін кəсіби бағдар беру жұмысы бойынша онлайн-конференция болып өтті.Конференция мақсаты университет факультеттері,мамандықтар,ғылыми бағыттар,жеңілдіктер,гранттар саны жəне т.б. жайлы ақпараттармен таныстыру. Конференцияға Жамбыл облысы,Зайсан қаласы,Алматы қалаларынан 12 мектеп қатысты.Биылғы ең басты жаңалық химия мамандығына оқуға түсу үшін таңдау пəндері-химия,биология болғаны атап айтылды.Бітіруші түлектерге сəттілік тілейміз!!

Басылым күні :  19.02.2019