Moodle қашықтан оқыту жүйесінде жұмыс жасау тақырыбында мастер-класс

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Сасыкова Л.Р. «Адам капиталы - 4.0 индустриаландыру негізі» (ҚазҰУ, 14-15 ақпан 2019 ж.) атты 49-шы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда қйымдастырылған 2-күндік «Moodle қашықтан оқыту жүйесінде жұмыс жасау» тақырыбындағы мастер-класқа белсенді қатысты. «Moodle» жүйесінің ерекшелігі сапалы оқытуды тұрақты бақылауға, оқушы мен оқытушы арасында үздіксіз байланыс орнатуға мүмкіндік береді және біртұтас жиналған қажетті материалдар жинағы болып табылады. Мастер-класқа қатысушылар үш тренерлер жетекшілігімен Moodle (Modular Object-Oriented Dynamic Learning Environment – модулді нысанды-бағытталған динамикалық оқыту ортасы) ерекше артықшылығымен нақты іс жүзінде танысып, Moodle жүйесі бойынша қашықтан оқытудың материалдарын (дәріс, оқу видеосы, гиперсілтемелер) жасаудың алгоритмін меңгерді.

Басылым күні :  18.02.2019