Халықаралық ынтымақтастық жолында

Химия және химиялық технология факультетіне Қытай Халық Республикасының Сиан ғылым және технология университетінен бір топ ғалымдар үкімет аралық «Бір белдеу, бір жол» келісімшарт аясында келді. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту, студенттермен екіжақты алмасу, академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде тәжірибелік практикаға жіберу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе отырып жүргізу барысы кеңінен талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруда кафедрамыздың ғылыми-зерттеу бағытының жетекші саласықатты пайдалы қазбаларды катализдік өңдеу арқылы жасанды мотор отындарын алу технологиясына Сиан университетінен келген әріптестер өздерінің қызығушылықтарын білдіріп, алдағы уақытта бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалаудың алғы шарттары белгіленді.

Басылым күні :  12.01.2019