Кәсіпорын қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінің оқытушылары химия саласындағы кәсіпорындар қызметкерлерінің біліктілін арттыруға үнемі қатысады. Мысалы, физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Ж.Т. Ешова «Казатомпром SaUran» ЖШС-тің «Қанжуған» кенішінде жоғары және орта-техникалық персонал үшін «Ион алмасудың теориясы мен практикасы» тақырыбына сертификатталған оқыту курс өткізді. Білім алушылардың пікірлері бойынша бұл дәрістік курс оларға көптеген кәсіби мәселелерді шешуге және бірінші кезектегі міндеттер спектрін одан әрі кеңейту үшін алғышарттарды белгілеуге мүмкіндік берді.

Басылым күні :  28.12.2018