Танымдық серуен

әл - фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы доценті Л.Р.Сасыкова бакалавр ("Органикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығы) және магистранттарға ("Мұнайхимиясы" мамандығы) арналған Д.В.Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институтында танымдық серуен өткізді. Аталмыш институт Қазақстанда катализ және электрохимия саласы бойынша алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың біріне жатады. Д.В.Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институтында әл - Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері дипломдық жұмыс, магистрлік және докторлық диссертациялар орындаған.  

Басылым күні :  11.05.2018