Кемерово қайғылы оқиғасын еске алу кеші

әл - Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының доценті Л.Р.Сасыкова және 4 курс ағылшын тобы бакалавр студенттерімен («Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы) бірлесе отырып,  Кемерово орын алған қайғылы оқиғаға қатысты пікір - талас өткізді. 
Кеш жүргізушілері Гульдана Жигербаева, Арман Ержанов. 
Кездесуге қатысушылар өлеңдер оқып, қайғылы оқиғаның орын алу себептерін, төтенше жағдайлардағы іс - әрекеттерді талқылады.  Төтенше оқиғалар орын алған жағдайларда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек, қауіпсіздік ережелері үлкен пікір - таластың орын алуына себеп болды.

Басылым күні :  25.04.2018