әл - Фараби әлемі

əл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын өткізілетін « əл-Фараби әлемі » атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысқан химия және химиялық технология факультетінің 3 курс студенті Камалдинова Маржан, ғылыми жетекшісі Оспанова Алья Капановна. « Антибактериалды жабындарды алу үшін медикалық-биологиялық бұйымдардың бетін активтендіру шарттары » тақырыбы бойынша мәлімдеме жасады. Факультет ішінде ғылыми бағыттары бойынша 5 секцияға жіктеледі. « Химиялық физика және физикалық химия » секциясында мәлімдеме дайындаған 58 студенттің ішінен 2 орын иеленіп, ректорлық марапаттауға жіберілді. Ректорлық марапаттауда 50 мың теңге көлемінде сертификат берілді.

Басылым күні :  25.04.2018