Ынтымақтастық жолында

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының «Мұнайхимия» мамандығы бойынша білім алушы төрт магистрантымыз академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Испанияның алдыңғы қатарлы Валенсия университетінде білімдерін жалғастырып оралды. Бағдарлама аясында магистранттар сол университеттің оқу жоспары негізінде білімдерін толықтырумен қатар өздерінің ғылыми жұмыстарының бағытында заманауи физикалық-химиялық талдаулармен танысып жетілдірді. Магистранттар алдыңғы қатарлы европалық университетте білімдерін ұштастыруды сәтті , әрі жоғары дәрежеде өткізгені көңіл қуантады. Алдағы уақытта сапалы мамандар дайындау барысында университетпен ынтымақтастық қарым-қатынас өз жалғасын табады.

Басылым күні :  13.02.2018