«League of chemists»

2018 жылдың қараша айының 15-шы жұлдызында аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы мен Абай атындағы ҚазҰПУхимия кафедрасының, Алматы Технологиялық Университетінің химия, химиялық технология және экология кафедрасы және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің биологиялық химия кафедрасының студенттері қатысқан «League of chemists» атты интеллектуалдық сайысы өтті. 5 турдан тұратын сайысқа құрама тоғыз команда қатысты. Жас инженер-химиктер және болашақ медиктер куратор-эдвайзер А.А.Батырбаева, 6М060600-Химия мамандығындағы магистранттары және ОЗХТ-206 топ студенттері дайындаған интеллектуалды сайыстың бағдарламасынан мүдірмей өтті.

Сайысты аша отырып, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Е.А. Аубакиров барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Интеллектуалды сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған командаларды кафедраның профессоры Оспанова А.К. және доцент Тусупбекова А.С. оқытушылар құрамы дайындаған дипломдар мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Басылым күні :  01.12.2017