«Кафедраға шақырамыз»

Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының оқытушы профессорлар құрамы мен 4 курс студенттері 27-қараша күні дәстүрлі  «Кафедраға шақырамыз» кешін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты 4 курс студенттері түрлі бағытта төменгі 1-3 курс студенттеріне кафедраның тынысы, бүгіні мен ертеңі және білім-ғылымымен таныстырып, қызыққа толы студенттік күндерін түрлі жанрда көрсетіп, дәстүрлі кафедраның Кілті мен Фото альбомын табыстау.

Кеш жан-жақты түсірілген фото-видео мантаждар мен тамаша концерттік бағдарламамен өте жоғары деңгейде өтті.  

Басылым күні :  03.12.2015