СТУДЕНТТЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры Г.М.Атаханова: «Онлайн оқытушы:  ара қашықтықтан оқытудың әдістері» деген тақырыпта оқытушылар-профессорлар құрамына вебинар өткізді.
    Елбасы айтқандай цифрлы Қазақстан. «Цифрлық қоғам — қоғамның барлық салаларында білім мен ақпараттың басым рөлімен,  халық өміріне, олардың біліміне және жұмысына, мемлекеттің, бизнес пен қоғамның өзара іс-қимылына шешуші әсерімен ерекшеленетін өркениеттің дамуындағы заманауи орта. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану — дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың!» деген бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі білім беру жүйесінің дамуында сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі қашықтықтан оқыту,  студенттер үшін қашықтан оқытуды және онлайн режимінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге меңгеруге тиіспіз. Қорытындылай келе, ара қашықтықтан  оқыту  оқытушының  білімгермен  оқыту  құралдары  арқылы  итерактивті  қарым  —  қатынас  әрекет  үрдісін  ұйымдастыруға
мүмкіндік  беретін  жаңа  ақпараттық  —  педагогикалық  технология. 
    Вебинар барысында озық дамыған елдердің қолданылып жатқан ара қашықтықтан оқытудың тиімді нәтиже беретін әдістерімен бөлісіті.               Оқытушылар мен дискуссия түрінде дәріс, семинар барысында жаңа инновациялық әдістерді қолдану жөнінде тиімді ұсыныстар жасалды.
     

Басылым күні :  26.05.2021