"Елтұтқа" клубы

15.03.2014 ҚазҰУ-ң 80 жылдығына орай! Зияткерлік меншікті қоғауды қамтамасыз ету бойынша қызметті халықаралық нормаларға сәйкесттендіру процесі қалай жүзеге асырылмақ? Жалпы қарастырған мәселеміз Зияткерлік меншік дегеніміз не, оны қорғау жолдарын қарастырдық. Оларды нормаға сәйкестендіру қалай болмақ?, міне осы сұрақтарға жауап іздеп, кішкене де болса студенттер арасында пікірталас ұйымдастырып 1 курс студенттерімен бірге қарастырдық. Өткен орны 410 аудитория.

07.04.2014

Елтұтқа клубының ішіндегі « Қыз Жібек пен Төлеген» ұйымының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеуді жандандыру мәселесі» атты тақырыпта ойтолғау өтті. Ол ойтолғауға қатысушылыр 101-104 топ студенттері. Қарастырылған мәселелер қазіргі таңдағы жасөспірімдердің құқықтық жағдайы,
құқықтық тәрбие алдымен тұлғаның адамгершілік-құқықтық қасиеттерінің дамуы мен бекітілуіне, ал кейбір қажетті жағдайларда негативті құбылыстарды болдырмауға немесе жоюға бағытталатындығы. Құқықтық тәрбие үрдісінде көптеген жан-жақты мәселелер қарастырылады, соның бірі құқық бұзушылықты алдын-алу шаралары өекті етілді.

10.04.2014 «ҚазҰУ- ң студенттері оқуға тиіс 100 кітап» және «21 ғасырдың дертіне айналған ИНТЕРНЕТ» атты тақырыпта құқықтану мамндығының 110және 111 группа студенттері аралығында ісшара өтті.

А.Құнанбаев

М.Дулатов

Ә. Бөкейханов

Мұхтар Әуезов

А.Байтұрсынов

Ш.Құдайбердіұлы

М.Жұмабаев секілді беделді тұлғалардың бір- бір шығармаларынан таңдалынып, оқылды.

Міне, осы беделді аталарымыздың шығармалары, өлеңдері арқылы қазіргі жастарымызға кітаптың берер пайдасын, білімін дәріптеп, қазіргі таңдағы жасыратыны жоқ бәріміздің дертімізге айналған ғаламтор проблемасын қарастырдық.