СТУДЕНТТЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • ·    

Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірді. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (студентке, азматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға ...) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олдардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту XXI ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады. Қазақстан мен шет ел ЖОО-нда қатар оқу мүмкіндігі; Студенттің ЖОО-ның географиялық орнына тәуелсіздігі. Дәстүрлі оқыту орталарына қарағанда жаңа электрондық технология оқушыны оқу процесіне белсенді қатыстырып қана қоймайды, сонымен қатар осы процесті басқаруға рұқсат етеді. Дыбыстың, қиымлыдың, образдың және мәтіннің интеграциясы жаңа, мүмкіндіктері мол, әдеттен тыс оқу ортасын қалыптастырады, оның дамыу барысында оқу процесіне қатысатын оқушы саны да арта береді. Қазір заман ағымына байланысты жоғары білім алудың түрлі тәсілдері шығып жатыр. Олардың бәрін бірдей тиімсіз деп жоққа шығаруға болмайды. Соның бірі ретінде осы қашықтықтан білім берудің жүйесін айтуға болады. Бұл өзі ақпараттық технологияның дамуымен бірге пайда болып отырған дүние. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. Айта кету керек, қашықтықтан білім берудің дәл қазіргі уақытта маңызы өте жоғары. Ақпараттық, сандық технологиясы дамыған елдерде бұндай білім берудің формасы әлдеқашан бірізділікке түскен. Әрине, қашықтықтан оқытудың жақсы жақтары- қашықтықтан білім алу көбіне білімін жетілдіргісі келетіндер мен жұмысы тығыз адамдарға өте тиімді дер едім. Өйткені, мұнда білімді атқарып жүрген жұмысыңнан қол үзбестен қатар ала аласың немесе толықтыра аласың.

Қорыта келгенде заман талабына сай білім беру, үнемі жаңалықтан құр қалмау, дамыған елдердің ізімен ілгерілеп отыру міндет болып табылады. Қазақстанның технологиясы озық елдерден көш бойы қалып қоймау саясатының оң нәтижесі де жетерлік. Соның бірі төтенше жағдай кезінде қашықтықтан оқытуды ақпараттық құралдар арқылы игеріп теледидар, интернет, түрлі бағдарламалар арқылы іске асыруы болды. Болашақ ұрпақ үшін жасалған дұрыс қадамдардың бірі деуге толық негіз бар. Ендігі кезекте, қашықтан оқыту барысында білім беру үрдісін сапалы жүргізуді одан әрі жалғастыру – мәртебесі биік, маңызы зор мәселе.

Басылым күні :  26.05.2021