«Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуды педагогикалық қолдау» пәні бойынша «Өзін-өзі тану»
2019 жылдың 26 қараша күні педагогикалық тәжірибе аясында Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., Б.А. Әрінованың жетекшілігімен 2-курс магистранты Изтаева П. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4-курс студенттерімен «Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуды педагогикалық қолдау» пәні бойынша «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің кәсіби өзін-өзі тануы» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.
Дәріс барысында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің кәсіби өзін-өзі тануы: мақсаттары, тәсілдері, қалыптасу үдерісі, кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер мен оларды жою жолдары туралы мәселелер қарастырылды. «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің аксиологиялық құзыреттілігі негізінде студент пен оқытушы арасындағы кәсіби қарым-қатынастың педагогикалық мәні, гуманистік негіздері практикалық жаттығулар, дидактикалық ойындар, топтық жұмыстар арқылы талданып, шығармашылық тапсырмалармен бекітілді.
Дәріс соңындағы кері байланыс студенттердің тақырып бойынша алған білімдерінің нәтижесін тексеруге мүмкіндік берді. Олар дәрістен алған әсерлерімен бөлісті.