Студенттік өмір

 

Іс-шара атауы
Өткізілген уақыты
Іс-шара сипаттамасы
«Аяла»   әлеуметтік  қызмет орталығына қайырымдылық іс шарасын жүргізді.  11.12.23

 

Дәстүр бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Философия және саясаттану  факультеті,  Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының  доценті Молдасан Қуаныш Шорманқызы және аға оқытушы Масимбаева Айым Аликенқызының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» мамандығының 3-4 курс студенттері 11 желтоқсан 2023 жылы «Аяла»   әлеуметтік  қызмет орталығына қайырымдылық іс шарасын жүргізді. Іс-шара барысында студенттер мүмкіндігі шектеулі балалар орталығының жұмысымен танысты.

 

Психикалық денсаулық және оған әсер ететін факторлар» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. 9.11.2023

2023 жылғы 9 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ № 9 студенттер үйінің акт залында «БҰҰ-ң Тұрақты даму жөніндегі концепциясын» іске асыру аясында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс студенттері «Психикалық денсаулық және оған әсер ететін факторлар» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Іс-шараға  «Психология», «Философия», «Дінтану», «Педагогика және психология» мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысты.

Кездесу модераторы Э.Т.Баярыстанова Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекеттердің 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттары туралы қысқаша ақпарат берді және «Қоғамды тұрақты дамытудың 17 мақсаты» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып берді. Сондай-ақ ол ұйымдастырылып отырған семинар-тренинг арналған «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдардың әл-ауқатына жәрдемдесу» атты үшінші мақсатқа толығырақ тоқталды.

  

Семинар спикері А.Б.Мукашева «Ақыл-ой мен дененің байланысы: психосоматикаға саяхат» тақырыбына баяндама жасады, сөз соңында «Менің жағымды қасиеттерім» атты тренинг өткізді және денсаулық түрлерінің үйлесімділігін қамтамасыз етіп, оны сақтау және нығайту жөнінде ұсыныстар берді.

Психолог А.Мейрамбекұлы психикалық денсаулыққа жағымсыз әсер ететін факторларға талдау жасай отырып, дағдарыс жағдайында эмоцияларды басқару, күйзеліс пен мазасыздықты игеру бойынша практикалық кеңестер берді.

«Ел бірлігі – ел теңдігі»  20.10.2023 

2023 жылғы 20 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Философия және саясаттану факультетінде Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған «Ел бірлігі – ел теңдігі» тақырыбына сараптамалық кездесу өтті.

Егемендік пен тәуелсіздік, бірлік пен  теңдік секілді ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараға Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының өкілдері (Ж.Б.Қоңырова, Ф.Т.Саметова),  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары (А.Қ.Дүйсенбаев, А.Б.Мукашева, Э.Т.Баярыстанова, Г.А.Қырғызхан) мен білім алушылары және ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының басшылары (Н.М.Накатаев, С.А.Саттарова) мен курсанттары  қатысты.  

Кездесу модераторы Философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейірбаев 25 қазан Республика күнінің тарихи маңызына тоқталды – 1990 жылдың 25 қазанында мемлекетіміз өзінің егемендігі туралы Декларация қабылдады, өз алдына дербес ел ретінде шекарасын шегендеп, рәміздерін белгілеп, мемлекеттік құжаттарын рәсімдеді.

Одан әрі сөз спикерлерге берілді:

1) Д.Д.Байдалиев, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. («Ел бірлігі мен ұлт теңдігі тарих пен уақыт контекстінде»); 

2) А.Қ.Жомартов  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты («Еліміздің спорт саласындағы жетістіктері – тәуелсіз Қазақстанның жетістігі»); 

3) Д. Нұрмұханбет ҚР ҰҚК Шекара Академиясының 2 курс курсанты («Мен – Отанымның бақытты ұлымын»). 

Негізгі баяндамалар тыңдалып, талқыланған соң кездесуге қатысушылар пікір алмасуға көшті. 

ҚР ҰҚК Шекара академиясының оқытушысы подколковник Н.М.Нақатаев ел қауіпсіздігін сақтау және нығайту шекарашылардың маңызды міндеті екенін айта отырып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі фактор – елдің бірлігі екендігін атап көрсетті.

Кездесуді Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі  Н.С.Әлқожаева қорытындылады. «Осы уақытқа дейін мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді. Тәуелсіздігіміздің тамырын одан әрі тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру жастарымыздың қолында десек, сол жастардың саналы, білімді, өнегелі болып жетілуі үшін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, отбасы мен оқу орындары бірлескен серіктестікте әрекет жасауы қажет. Бүгінгі кездесу осындай биік мақсаттың орындалуына жасалған қадамдардың бірі деп ойлаймын. Республика күні құтты болсын!  Қазақстанның тұрақты дамуы жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!»- деді ол. 

Отырыс соңында орындалған Қаршыға Ахмедияровтың «Күткенде» күйі кездесуге ерекше эмоциялық әсер берді. 

Сапалы зерттеу: сипаттамалары, түрлері, әдістері, мысалдары 13.10.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұйымдастыруымен 13.10.2023 күні сағат 14.00, Масанчи, 39 ғимараты, 123 аудиторияда Уорик университетінің профессоры(Ұлыбритания) Майкл Хаммондтың қатысуымен тұрақты даму мақсаттары аумағында: “Сапалы зерттеу: сипаттамалары, түрлері, әдістері, мысалдары” тақырыбында семинар-тренинг өтеді.

Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйіне 13.04.2023 2023 жылдың 13-сәурінде Әл-фараби атындағы ҚазҰУ, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы «Педагогика және психология»мамандығының 3-курс студенттері және  1-курс магистранттары Исакулова Сабина ,Шейрбай Айнұр , Жалғасбаев Серікбол және куратор-эдвайзері Рамазанова С.А «Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйіне» барып қайтты.Студенттер А.Байтұрсыновтың өмірімен жақынырақ танысты.Мұражайдан алған әсерлерімен бөлісу үшін 20 сәуір күні “Ұлттың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынов” атты тәрбиелік сағат өткізілді.Студенттер өз ой-пікірің айтып , қызықты талқылау өтті.
«Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадам жасалған күн» атты іс-шара өткізілді;

21.10.2022 

Факультет деңгейінде «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс студенттерімен «Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадам жасалған күн» атты іс-шара өткізілді;

    

Студенттермен жатақханада кездесу 
1.11.2023 

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы студенттерімен қыз балаларға және ұл балаларға бөлек жатахана акт залында жиналыстар жүргізілді;

   

Студенттермен театрға бару
05.02.2022

«Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы студенттерімен театрға қойылымдар көру уақыттары ұйымдастырылды.

Ұлтымыз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды  19.03. 2021 19.03. 2021 ж. сағ. 17:00 22 Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Ұлтымыз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды " атты тәрбиелік іс-шараны Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерімен бірлесіп 22 Наурыз мейрамының басты тақырыптары ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар, салт-дәстүрлері айтылды. Одан бөлек студенттер өз өнерлерін паш етіп педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушыларын құттықтап өтті. Ұйымдастырушылар: эдвайзор-куратор, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы Санбаева Б.Ж., педагогика ғылымдарының магистрі, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы Жұмабаева К.С., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Сарман М. және Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 3 курс студенттері.
Ғасырда бір туатын - Дарабоз 01.02.2021

2021 жылдың 1-ақпанында хан тәңірінің мұзбалағы атанып, өлең өлкесінде шашасына шаң жұқтырмаған дарын иесі, ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ғасырда бір туатын - Дарабоз» тақырыбында тәрбиелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға әл-фараби атындағы ҚазҰУ, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология» мамандығының магистранттары, студенттері және Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті №40 орта мектептің мұғалімдері мен озат оқушылары қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға М.Мақатаевтың өнегелі өмір жолы таныстырылып, шығармалары оқылды. Ақынның шығармаларынан шабыт алған мұғалімдер, оған арнау арнау өлеңдерімен көпшілікпен бөлісті. Ерекше әсер алған қатысушылар шара ұйымдастырушыларына өз алғысын жеткізді. Ерекше белсенді болған №40 орта мектеп мұғалімдеріне алғыс хат табысталса, №40 орта мектебі әл-фараби атындағы ҚазҰУ педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына жастар тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс жариялады.

Ұйымдастырушылар: педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Рамазанова С.А., доцент м.а., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Ертарғынқызы Д. 

ҚАЗАҚ САХАРАСЫНЫҢ ҚОҢЫРАУЫ  2.03.2021
  • 2021 жылдың 2 наурыз күні  сағат 17:00 де "100 кітап" жобасы аясында  ағартушы, педагог, ғалым, жазушы, қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл мерей тойы толуына орай тәрбиелік халықаралық іс-шарасы өткізілді. Халықаралық іс-шараға Әл-фараби атындағы ҚазҰУ, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Педагогика және психология» мамандығының студенттері, Филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 3 курс студенттеріжәне Алматы облысы, Іле ауданы, №20 орта мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға Ы.Алтынсариннің өнегелі өмір жолы таныстырылып, өлеңдері, әңгімелері оқылды. Іс-шара ұйымдастырушылары: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары Санбаева Б.Ж., Жұмабаева К.С. және «Педагогика және психология» мамандығының 2,3 курс студенттері.
Қазақ аруларының бейнесі 05.03. 2021 ж

05.03. 2021 ж. сағ. 17:00 8 Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Қазақ аруларының бейнесі" атты тәрбиелік іс-шарада кеңестік дәуірдегі қайраткер қазақ қыздары, елжанды батыр тұлғалар, қасиетті қолбасшы ел басқарған арулар, азап тартқан алаш арулары, бүгінгі абзал аналар, өнердегі қазақ қыздары мен қазақтың ақын қыздары туралы айтылды. Одан бөлек студенттер өз өнерлерін паш етіп Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушыларын құттықтап өтті. Ұйымдастырушылар: эдвайзор-куратор, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы Санбаева Б.Ж Педагогика ғылымдарының магистрі, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы Жұмабаева К.С .Педагогика және психология мамандығының 2, 3 курс, сонымен қатар әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 2 ,3 курс студенттері.

 «Айналаңды нұрландыр»  21 қараша,2019

Қарттарға қамқорлық жасау, олардың қажеттіліктеріне жарай білу, құрметтеу - біздің борышымыз. Ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз үнемі көңіл бөлуді, олармен тілдесіп отыруды қажет етеді. Осы мақсатта 2019 жылы 21 қарашада «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында педагогика және білім менеджмент кафедрасының доцент м.а. педагогика ғылымдарының кандидаты Ә.М.Құдайбергенованың жетекшілігімен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс магистранты Ж.Т. Ермаханова «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-курс студенттерінің қатысуымен «Алматы облыстық № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», яғни ардагерлер үйінде қайырымдылық акциясын өткізді. Студенттер ата-ана үмітін ақтау, ілім-білімнің пайдасы, имандылық иірімдері жайлы айтылған тағылымды әңгімелерді тыңдады. Сондай-ақ кітапханада өткен шарада сүйікті ақындарының мен өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Жастарға риза болған қариялар ыстық ықылас пен жүрекжарды лебіздерін білдірді

 

 

 

 

 

 «Айналаңды нұрландыр» 12 қараша,2019

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Осы мақсатта 2019 жылдың 12 қарашасында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында педагогика және білім менеджмент кафедрасының доцент м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты Құдайбергенова Ә.М. мен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс магистранты Ермаханова Ж.Т. ұйымдастыруымен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-курс студенттерінің қатысуымен № 1 Алматы облыстық балалар үйінде қайырымдылық акциясы өтті. Қамқорлыққа зәру жетім балалардың жүрегіне жылу ұялатып, жүздеріне күлкі сыйлап қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында өткен шарада балаларға арнап "Күлше қыз" ертегісі сахналанып, ойындар, флешмобтар ұйымдастырылды. Игілікті шара соңында балаларға базарлықтар таратылды.
«Адам бойындағы ең асыл қасиет – адамгершілік сезімі. Адамгершілігі жоқ кісінің жүрегін махаббат мекендемейді» деп Әзілхан Нұршайықов айтқандай, жүректегі мейір-махаббатымызды адамгершіліктің ақ жолына арнап, жылы сөзге жаураған жүректермен қоса өзіміз де игі істің шуағына шомылып қайтқан әсерлі кеш болды.

 

 

 

 

«Қарым-қатынастағы коммуникативтік қабілеттерді дамыту» 9 қараша,2019

2019 жылдың 9 қарашасында Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының доценті Ж.Ш.Бактыбаевтың жетекшілігімен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенттері «Айналанды нұрландыр» жобасы аясында Қазақстандағы Жастар жылына арналған №9 Студенттер үйінің акт залында «Қарым-қатынастағы коммуникативтік қабілеттерді дамыту» тренинг түрінде білім беру іс-шарасын өткізді.
Бағдарламаны ұйымдастырушылар теориялық бөлім, кофе-брейк және тренингтің практикалық бөлігін ұсынды, оған әр-түрлі мамандықтардың бірінші курс студенттері белсенді қатысты. Ұйымдастырушылар студенттердің жылы қабылдауларын, олардың жаттығуларға деген қызығушылығы мен ерекше көзқарастарын атап өтті.
Қорытынды бөлімде студенттер бірігіп, командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетті, сонымен бірге шын жүректен ризашылықтарын білдіре отырып, тренингтер жұргізуге тағы шақырды.


"Біздің заманымыздың жастары: құндылықтар мен басымдықтар" 26 қазан 2019 жыл

26 қазан 2019 жыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінде "Педагогика және білім беру менеджменті" кафедрасының профессоры А.Ә. Булатбаева, кафедра доценті Ә.М. Құдайбергенованың ұйымдастыруымен "Біздің заманымыздың жастары: құндылықтар мен басымдықтар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚР Қауіпсіздік Комитеті Шекара Қызметі Академиясының курсанттары, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1-курс студенттері қатысты. Тақырып аясында: Қазіргі жастардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары; Жастар құндылықтарының құрылымы және т.б. сұрақтар қарастырылды.

«Жастар арасындағы превентология»
13-17 ақпан 2018 жыл

2018 жылдың 13-17 ақпан аралығында Ресей тұңғыш президенті Б.И. Ельцин атындағы Орал федералды университетімен «Жастар арасындағы превентология» қос дипломды магистрлік бағдарламаның жетекшісі Крутько И.С.-мен 2 курс магистранттары тәжірибеден өту үшін Қазақ ұлттық университетіне келді. Тәжірибе бағдарламасы бойынша «педагогика және білім беру менеджменті» мен «әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедраларының ұйымдастыруымен магистранттар Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымы, Назарбаев интеллектуалды мектебі, Наркологиялық орталық пен Аналар үйінің қызмет бағдарымен танысты. Ресей тұңғыш президенті Б.И. Ельцин атындағы Орал федералды университетімен «Жастар арасындағы превентология» қос дипломды магистрлік бағдарламаның жетекшісі Крутько И.С. «Психокоррекция негіздері» тақырыбында дәріс оқыды.

Республикалық зағиптар және нашар көретіндер ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлерімен кездесу 25 ақпан 2017 жыл

 

Бүгін, яғни, 25.02.2017 жылғы сағат 8.00-10.00 аралығында әл-Фараби атындағы ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Айтбаева Айгүлім ханымның, оқытушы Каденов Ерболаттың ұйымдастыруымен және "Педагогика және психология", "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандықтарының 2-3 курс студенттерінің қатысуымен арнайы педагогика курсының бір бөлімі тифлопедагогика, яғни, зағип және нашар көретін балаларды оқыту және тәрбиелеу мүмкіндіктері мен әдістемелеріне арналған ғылыми-практикалық тренинг сабағы өткізілді. Тренингке Республикалық зағиптар және нашар көретіндер ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен ғылыми қызметкерлері - Алмас Мырзабеков, Жансая Медиярова және Торғын Мұхановалар қатысты.  

Студенттер аудиториядағы алған теориялық білімдеріне практикалық тұрғыдан - "көзбен көріп, қолмен ұстап" - мол тәжірибе жинақтады. Тренинг сабағында студенттерге осы бағыттағы мүмкіншіліктері шектеулі адамдарды оқытуда қолданылатын түрлі әдістемелік құралдар мен қарапайым техникалық жабдықтар, Луи Брайль жүйесі бойынша жасақталған оқу құралдары мен оқулықтар кеңінен таныстырылды. Тренерлер іс-шара соңында тренингтің екіжақты пайдалы болғанын, үлкен студенттер аудиториясында өз білімдерімен бөлісе алғандықтары үшін ризашылықтарын білдірді. Студенттер де өз кезегінде өте қызықты тәжірибелік сабақтары үшін әдіскер аға буын әріптестеріне алғыстарын айтты.

 

«Мамандығым мақтанышым»
3 наурыз 2017 жыл

2017 жылдың 3 наурызында «Айналаңды нұрландыр» инновациялық жобасы аясында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор м.а. Булатбаева А. А. Және педагогика және психология мамандығының 4 курс студенті Атахан А.Т. ұйымдастыруымен № 159 мектепте «Мамандығым мақтанышым» атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара өткізілді.

 

Оқушылар тәрбиелік іс-шараға белсенді қатысып, жаңа ақпараттар алып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.