Ғылыми жобалар және зерттеулер
Ғылыми бағыттар:
Кафедра салыстырмалы педагогика, инклюзивті білім беру, білім философиясы, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, педагогикалық психология, әлеуметтік педагогика мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Кафедра келесідей бағыттар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді:
- Педагогикалық психология;
- Инклюзивті педагогика;
- Білім берудегі менеджмент;
- Білім беру беру философиясы мен әдіснамасы;
- Білім беру мен тәрбиедегі өзекті мәселелер;
- Салыстырмалы педагогика;
- Әлеуметтік педагогика;
- Гуманды педагогика және өзін-өзі тану.
Ғылыми жобалар:
Қазіргі таңда кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы келесідей жобаларға қатысуда:
- ХХ ғ. 20-30-жылдардағы дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім мен ағарту жүйесі;
- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын мультипликация құралдары негізінде дамыту үдерісін ғылыми-практикалық негіздеу;
- ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық ұйымдарының ағартушылық қызметі;
- Жасанды интеллект тұғырына негізделген виртуалды оқытудың технологиялық алаңын құрастыру.
- Тұлғаның рухани-адамгершілік сапаларын дамыту мен өзін-өзі дамытуының синергетикалық негіздері және эвтагогика және т.б.