«Психологиялық-педагогикалық қолдаудың формалары бойынша практикум»

Желтоқсан айының 6-күні, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранты Иниятова Айдана, п.ғ.к., доцент м.а Б.А. Әрінова жетекшілігімен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4-ші курс студенттеріне «Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және дамуы» пәнінен, педагогикалық тәжірибе аясында «Психологиялық-педагогикалық қолдаудың формалары бойынша практикум» атты тақырыпта ашық сабағын өтті.

 

          Ұйымдастыру кезеңі бойынша студенттерді түгендеп, топқа бөлумен басталды. Ашық сабақты студенттерді топқа бөлу әдісі бойынша ғалымдардың бейнелерін «Абай», «Пушкин», «Энштейн» таңдау арқылы 3-топқа бөлді. Қазіргі жаңа технология бойынша дамыта оқыту технологиясы негізінде студенттерге «Миға шабуыл» жасатып, жаңа тақырыпқа қатысты сұрақтар қоя отырып, оларға жауап беру арқылы қызығушылықтарын оятты. «Сократтық» әдісі арқылы 3-топқа жеке-жеке тақырып бойынша тапсырмалар берілді. Онда 1- топ; «Күннің Нұры», 2-топ: «Білім ағашы», 3- топ: «Сүйіспеншілік гүлі» өзін-өзі тану пәнімен ассоцация жасау арқылы, жаңа тақырыпқа қатысты берілген дайын мәтіндермен зерттеу жұмыстарын жасап, әр топ ұйымшылдықпен бірлесе тапсырмаларды орындап, толық қорғап шықты.

Студенттердің ойларын сергіту мақсатында «Армансыз күнім болмайды» әнін, барлығы бірге отырып шырқады.Одан кейін сабақты қорытындылау кезеңінде «Телефон» әдісі арқылы студенттерге «хат» жіберіліп, онда берілген сұрақтарға әрбір студент жеке-жеке берілген телефон суретіне жауаптарын жазды.

 

Студенттерді тақырып бойынша түсінгендерін бағалау, әрі сабақтан алған әсерлері мен көніл-күйлерін білу мақсатында кері байланыс «Поезд» әдісі қолданылды. Студенттер түрлі өзіне жақын эмоцияларды таңдау арқылы поездын әр вагонында берілген «Барлығын түсіндім», «Түсіндім, бірақ басқаға түсіндіре алмаймын», «Ешнәрсе түсінбедім» таңдау арқылы, сол вагондарға өз көңіл-күйлерін жапыстырып, өз-өздерін бағалады.

 

 

Ұйымдастырушылар: п.ғ.к., доцент м.а Б.А. Әрінова, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранты: Иниятова Айдана.

Қатысқандар: п.ғ.к., доцент м.а Б.А. Әрінова, Сейткерим Альбина 2- курс магистрант.

Басылым күні :  12.12.2018