«Магистратугаға түсу жолы: мүмкіншіліктері мен перспективалары»
2017ж. ақпанның 27-ші жұлдызында, педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы және "Al-Farabi university - smart city " жобаны демеу мақсатымен 3-4 курс студенттеріне «Магистпатугаға түсу жолы: мүмкіншіліктері мен перспективалары» атты семинар ұйымдастырды.
Ұйымдастыруды п.ғ.д. профессор Магауов А.С., доцент Қасен Г.А., және «Пелагогика және психология» мамандығының 2-курс магистранты Даутова Жадыра жүзеге асырды.
Бұл іс-шараны п.ғ.д. профессор Магауов А.С. баяндамасында магитратураның көпдәрежелі жоғары білім берудің екінші сатысы, Қазақстанның білім беру жүйесінің Еуропа білім беру жүйесінің біртұтастандырып, жақындату үшін құрылған Болонь процесімен реформаланғандығын екендігін атап өтті.
Артынан «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранты Даутова Жадыра магистратурада оқудың артықшылығы туралы атап өтті.
- · Біріншіден, мастер классқа білім және ғылым сферасының алдыңғы қатарлы мамандары шақырылды.
- · Екіншіден, магистратурада жеткіліккті теориялық терең білім алуға және практикалық тәсілдерді игеру үшін, әр білім алушыға индивидуалды-дифференциалды тәсілмен жеткізіледі.
- · Үшіншіден, оку соңында барлық Болон білім беру жүйесіндегі барлық елдерде қабылданатын, мемлекеттік педагогика ғылымының магистр дипломы беріледі.
- · Төртіншіден, магистрлық дисстертация және докторлық диссертация зерттеулерін дамытып жалғастыруға, докторантурада білім алуға жол ашады.
Бесіншіден, сіз, сұранысқа ие, қазіргі заманға сай жоғары білікті маман боласыз, алыс және жақын шет елдерде, жоғары білім ордаларында білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса аласыз.
Презентация және бейнематериалда 2 курс магистрантының Латвия, Резекнен технологиялық Академиясында(Rēzeknes Tehnoloģiju Akadēmijas.) откен ғылыми-практикалық стажировкасын толық ашықтап корсетілді.
Магистрант бұл стажировка барысында болып қайтқан әлеуметтік мекемелер, лабораториялар, халықтық ребилитация орталықтар жайлы қысқаша таныстырып өтті. Олардың ішінде:
- «SLOKA» әлеуметтік реабилитация орталығы (Юрмала)
- SIVA- әлеуметтік интеграция мемлекеттік агенттігі (Юрмала)
- VISC білім мазмұны ұлттық орталығы (Рига)
Студенттер Латвия тәжірибесінде әлеуметтік қызмет көрсетудің функцияларын, әлеуметтік педагогтардың бағыттарын, Берт Хеллингердің әдісін егжей тегжелі зерттеді. Өмірлерінде әр түрлі бастарына келген қиыншылықтар және олардың бұл қиыншылықтардан қалай өткендері жайлы адамдардың өмірбаяндары туралы деректі фильм тамашаланып, Латвиядағы өміршеңдік зерттеулерлерінің талдаулары жасалынды. REGI (РТА) ғылыми зерттеу институты жанындағы Әлеметтік реабилитация лабороториясына сырттай танысу мүмкіншілігін нәтижесінде BIODEX, BIOSWAY реабилитациялық техникалары және оларды қолдану әдістерімен танысып, жинақтаған тәжірибесімен бөлісті.