Орыс тілі пәні бойынша олимпиада

2015 жылдың 11 наурыз күні  Бірлескен Қор әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірге Қарасай ауданының жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып оқушылары арасында орыс тілі пәні бойынша олимпиада өткізді.

Олимпиаданың қазылар алқасы:

Қазылар алқасының төрағасы: Бірлескен Қордың атқарушы директоры - Исраилов Еркін Дәулетұлы;

Қазылар алқасының мүшелері:

Абаева Жамиля Сериковна – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты;

Сансызбаева Сандуғаш Қадралиевна – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының доценті,  филология ғылымдарының кандидаты;

Сисенбаев Ренат Маратович - «Қарасай ауданының Білім беру қоры» Бірлескен қорының бас маманы.

Кистаубаев Марат Аскарбекулы - «Қарасай ауданының Білім беру қоры» Бірлескен қорының бас маманы.

Олимпиадаға Қарасай ауданының жалпы білім беретін 17 мектептің ішінен 115 оқушы қатысты. Олимпиаданың қатысушыларына «Қонақжайлылық – қазақ халқының төл қасиеті» және «Мейірімділік» атты таңдауға ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазу тапсырмасы берілді.

Нәтижесінде, олимпиада жеңімпаздары анықталды:

1 орын: Әділхан Шыңғыс, әл-Фараби атындағы орта мектеп гимназиясы

2 орын: Аяпбергенова Мария, М.О. Әуезов атындағы орта мектеп

3 орын: Елубаева Аида, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы

Сонымен қатар, орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының доценттері Ж.С.Абаева, С.Қ.Сансызбаева Қарасай ауданының 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын да өткізді. Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факултетінің ашық есік күндеріне оқушылар шақырылды.

Өткізілген іс-шарадан фоторепортаж Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті - Елбасының Қоры сайтында орналасқан.

                                                            Материал дайындағандар С.К. Сансызбаева, Ж.С.Абаева

 

    

Басылым күні :  17.03.2015