Биология және биотехнология мамандығының студенттеріне Әлеуметтік өзгеру және саяси модернизация семинарында өткізілген дөңгелек үстел есебі

Апталық қорытындылау есебінде болған дөңгелек үстелде

«Қазақстандағы тіл саясатының адам қалыптасуына әсері» тақырыбы алынды. Лектор Садырова Мансия Сапаргалиеқызы мен семинарист Бұрхан Елтай Жүнісбекұлының тікелей қатысуымен дөңгелек үстел өз деңгейінде өткізілді. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі – тіл саясаты болғандықтан, студенттер ұтымды ой – пікірлерін ортаға еркін түрде білдіре алды. Тілдік саясат тарихи тамырын сақтағысы келетін әрбір тіл мен адамның құқығын қорғауға негізделеді. Ел мәдениеті тілден басталады демекші, тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қана қоймай, болашақ ұрпақты қалыптастыруда маңызды және шешуші рөл атқарады. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. Қазіргі таңда Қазақстанда саяси өзгерістер кезеңінде тіл мәселесі алдыңғы орынды маңызды мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде және ең бірінші өз елінің патриоты ретінде студенттер тақырыпқа сай белсене ат салысты. Тіл саясатының адам қалыптасуына әсерін жан жақты талқылап, тіл мәртебесін көтеру жайлы креативті ойларымен бөлісе алды.

Басылым күні :  14.10.2019