ӘЗ-НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ӘЗ-НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті барша оқытушылар және студент жастар, Сіздерді Әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс пен отбасыларыңызға береке-бірлік, денсаулық, елімізге бейбіт өмір мен тыныштық тілейміз! 

2019 жылы 28-наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультеті, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доцент м.а., соц. ғыл. кандидаты Қ.А. Авсыдыкова мен 1-курс «Әлеуметтану» мамандығының докторанты С.М. Сыздықованың ұйымдастыруымен «Әлеуметтану» мамандығының 2-курс студенттерімен «Әз-Наурыз құтты болсын!» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Бұл ашық тәрбие сағатында Наурыз көженің тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен айтылды. Докторант Сыздықова Сәуле студенттерге наурыз көже туралы кеңінен ақпарат берді. Студент Туранкулов Азамат келген қонақтарға, студент жастарға «Қыдыр ата» кейпінде ақ батасын берді. Мерекеде Нуран Жания, Султанова Гаухар мерекелік ән айтса, Амангелдин Ілияс, Қадырбекқызы Айгерім мен Гайсина Алтынай керемет көрініс қойды. Сонымен қатар, кеш соңында студенттерге наурыз көже, бауырсақ, құрт секілді наурыздың дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Тәрбие сағаты барысында әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, соц. ғыл. докторы, профессор Абдирайымова Гүлмира Серікқызы мен кафедраның профессор-оқытушылары студенттерді Наурыз мерекесімен құттықтап, білім мен тәрбие егіз екенін айтып, студенттерге сәттілік тіледі. Осындай тәлім-тәрбиелік мәні бар ашық тәрбие сағаты студенттерге де қатты ұнады.

Басылым күні :  24.04.2019