ӘЛЕУМЕТТНАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС КАФЕДРАСЫ СОЦИУМ клубының 2019-2020 оқу жылының екінші жарты жылдығында атқарылған іс-шараларының

ЕСЕБІ

 

2019-2020 оқу жылы 11 сәуірде «Социум» клубының ұйымдастыруымен тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетіәлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры М.Ф. Пузиков жыл сайынғы дәстүрге айналған «Что? Где? Когда?» атты интеллектуалды ойынды өткізді. «Фараби әлемі» конференцифясы аясында өткізілген интеллектуалды ойынға «Әлеуметтану» мамандығының 1 курс магистранттары және «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының бакалавр студенттері қатысты.

Бұл іс-шара «Социум» клубының жұмысына жауапты әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы Шнарбекова Меруерттің ұйымдастыруымен болып өтті.

Интеллектуалды ойын барысындапрофессор М.Ф. Пузиков өз шығармашылығынан өз Отаны мен туған шаңыраққа деген махаббат туралы патриоттық өлеңдерін оқыды. Студенттер «Родному дому поклонюсь» өлеңінен сөздерді естігенде шынайы қол шапалақтады. Онда автор былай деп жазады:

Казахстан, мой родной Казахстан

Величавым и сильным сегодня ты стал

А в небе синем как прежде застыл неподвижно орел,

Чтоб узреть свою степь как бескрайний и дивный шатер.

А в горах и в степи засверкали огни,

То солдаты вернулись с той страшной, кровавой войны

Там врагу они мстили за смерть и за кровь,

Чтоб фашизм исчез и ушел навсегда под топор

Чтоб любовь расцвела, как тюльпаны весной

Чтоб вернулся и я в дом родной

Как герой и живой.

«Что? Где? Когда?» интеллектуалды ойыны барасындағы сұрақтар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі даталары мен оқиғаларына қатысты болды. Сондай-ақ, студенттерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін қызықты шаралар мен жұмбақтар ұсынылды.

Осы интеллектуалды ойынның шығу тарихын айта кетсек, «Что? Где? Когда?» - кеңестік және ресейлік зияткерлік телевизиялық ойын.Ойын кезінде ми шабуылы әдісін пайдалана отырып, «білімпаздар» алты ойыншысының командасы бір минут ішінде кез келген телекөрермен берілген сұраққа дұрыс жауап іздейді. Дұрыс жауап үшін білгірлер командасы ұпай алады, дұрыс емес ұпай үшін олардың қарсыластары — телекөрермендер командасы алады. Бірінші алты ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Телеойынды режиссер Владимир Ворошилов пен редактор Наталия Стеценко КСРО-да құрды.Бұл ойын көптеген университеттердің дәстүрлі ойынына айналған. Осыдан келіп, бұл дәстүр   әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де әр жыл сайын «әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасында өз жалғасын табуда.

Іс-шара барысында әр түрлі қызықты сұрақтар жасырылып, белсенді қатысқан студенттер арнайы марапаттар мен гүл шоқтарымен марапатталды.

 

 


 

Басылым күні :  24.04.2019