100 кітап» жобасы аясында. Құрметті кітапсүйер қауым!

27 ақпан 2019 жылы сағат 17.00-де (406 ауд.,ФФП) PhD, доцент м.а. Омарова Ә.Т. және әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының 1 курс докторанттары Арын Д.А., «5М090100 – Әлеуметтану» мамандығының 1 курс магистранттарының қатысуымен университетіміздің «100 кітап» жобасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған, еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен мамандары бірлесе әзірлеген онлайн-курсты тыңдады.

Онлайн-курс кәсіпкерлік білім беру ұйымының жетекшісі Дональд Куратконың “Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика” атты оқулығы желісі бойынша дайындалған.

Бұл еңбек кәсіпкерлік құбылысын жан-жақты зерттей отырып, студенттерді кәсіпкер болудың қыр-сырына үйретеді.

Бұл жолы «Бизнес-жоспар элементтері және онымен таныстыру» тақырыбы бойынша дайындалған дәріс тыңдалды.

Аталмыш туынды «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған.

Басылым күні :  28.02.2019