100 жаңа кітап - жобасы аясында. Құрметті кітапсүйер қауым.

27 ақпан 2019 жылы сағат 15.00-де (406 ауд.,ФФП) PhD, доцент м.а. Омарова Ә.Т. және әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының 1 курс докторанттары Арын Д.А., Зүлкәпіл Д., «5М090100 – Әлеуметтану» мамандығының 1 курс магистранттарының қатысуымен университетіміздің «100 кітап» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің тақырыбы – Төртінші индустриялық революция жағдайындағы қызмет көрсетудің заманауи түрлері: адамзат үшін мүмкіндіктері мен қауіптері. Дөңгелек үстел барысында Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» еңбегі талқыланды.

         Дүние жүзілік Давос экономикалық форумының президенті Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» атты еңбегі қазіргі технологиялардың адамзат өміріне алып келетін түбегейлі өзгерістері туралы баяндайтын қазіргі заманғы әлемдік бестселлердің бірі.

         Аталмыш туынды «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған аударылған алғашқы кітаптардың бірі.

Басылым күні :  28.02.2019