Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың - Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласына орай дөңгелек үстел өткізді.

2019 жылыақпанның 21-ші жұлдызында, 121 аудиторияда сағат 09:00-10:00 аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің«Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының доцент м.а., соц.ғыл.кандидаты Авсыдыкова Құралай Әділжанқызы мен 1-курс доктаранты Сыздықова Сәуле Мұстафақызы мен әлеуметтану мамандығының 2-курс студенттері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай дөңгелек үстел өткізді.

«Ұлы даланың жеті қыры» – ұрпақтар мақтанатын, арғы тектерін әлемге батыл әрі айқын насихаттайтын төлқұжат.Ұлы даланың жеті қырының кез келгені – Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті, қазақ елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи құндылықтарды студенттермен жан-жақты талқылады.

Басылым күні :  21.02.2019