«Ана Үйі» қайрымдылық қоғамдық қорының 5 жылдығына арналған іс-шара

Бүкіл Қазақстан бойынша ашылған «Ана Үйі» - қиын жағдайға тап болған, жалғыз қалған аналарға қиындықтарды жеңіп, сәбилерін балалар үйіне өткізбеуге көмектеседі. Ана Үйі – кәсіби біліктілікті қалыптастыратын және өздігінен аяққа тұрып кеткенше балаларымен өмір сүруге мүмкіндік беретін, барлық қиындықтарды жеңуге көмектесетін қоғамдық қор.

2018 жылдың 26- сәуірінде Тұңғыш Президент саябағында «Ана Үйі» қорының 5 жылдығына арнап флэш-моб ұйымдастырды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, философия және саясаттану факультетінің, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының барлық 1- курс студенттері, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы Қылышбаева Б.Н.-мен бірге қатысты. Бұл флэш-моб пен жобаға қатысушылар жас аналарды қолдап, әлеуметтік жетімдік мәселесіне қоғамның назарын аударғысы келді. Флэш-мобтан соң студенттер Almaty TV арнасының тілшілеріне сұхбат берді. Ауа-райына қарамастан біздің студенттер белсенділік танытты.

Бұл флэш-моб аналарды моральдық тұрғыдан қолдауға бағытталды. Биде Ана Үйіне түскен барлық қыздардың басынан өтетін жағдайлар көрсетілді. Барлық студенттер ортаға шығып бірлік пен қолдауды білдіретін би биледі. Осылай біздің студенттер жақындары бас тартқан аналарды, ештеңеге қарамастан қаланың және елдің жастары әрдайым қолдайтынын білдірді.

«Егер сен әлі де көмек қолын созбаған болсаң, оны дәл қәзір іске асыру мүмкіндігі туып тұр».



Басылым күні :  30.05.2018