«Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Жас маман» атты дөңгелек үстел

2018 жылдың 26 ақпанында «Достық ауылдық округі әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесінде «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Жас маман» атты дөңгелек үстел өткіздім. Дөңгелек үстелге осы мекеменің қызметкерлері қатысты. Аталған тақырып аясында көптеген мәселелер талқыланды. «Жас маман» деген түсінік жан-жақты қарастырылды. «Жас маманның» кім екені, оған қойылатын талаптар мен ерекшеліктері қарастырылды. Студенттердің жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу талаптары, осы жолда болатын қиындықтарға сараптама жасадық. Дөңгелек үстел барысында әрбір қатысушы өз ойларын ашық білдірді. «Жас маман» тақырыбы қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, осы тақырыпты толық ашуға тырыстық. Дөңгелек үстелде түрлі статистикалық материалдар оқылды. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты тақырыптағы өзекті мәселелерге сараптама жасау болды және ол мақсат толық орындалды. «Жас маман» ұғымына қатысты сұрақтарға шешімдер табылды.

Басылым күні :  27.03.2018