Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне орайластырылған «Ана тілім – ардағым» фестивалі

Қырқүйектің 23 жұлдызында  Алматы қаласының  «Алатау» киноконцерт залында Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне орайластырылған «Ана тілім – ардағым» фестивалі өтті. Алматы қаласының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ахетов М.К  шара барысында мәдениет пен тіл бірлігінің полиэтникалық мемлекеттің болашағын жасайтын қуаты мен діңгегі екендігін айтып қана қоймай, жыл бойы тілдерді дамыту саясатына үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Жыл сайын өзге этностар арасында қазақ тілін білетіндер қатары артып келе жатқандығы біз үшін қуанарлық жағдай болды. Іс-шара  өз жалғасын қазақ эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен өткен  мерекелік концерттен тапты.  

 

 

Басылым күні :  07.12.2017