«Үздік оқырман» байқауы

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы 4 наурыз 2015 ж. сағат 16:10-17:30 –да «100 кітап» жобасы аясында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы «Алмас қылыш» романы желісінде интеллектуалды-танымдық «Үздік оқырман» байқауын өткізді. Байқауға «Әлеуметтану» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 2-3 курс студенттері қатысты. Байқау нәтижесінде «Ақтоған» тобы жеңіске жетті.

Байқаудың мақсаты «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай студенттерге тәуелсіз Қазақ елінің тарихын ұғындыру, Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу, топпен жұмыс істеуге үйрету, қоғамдық жұмысқа баулу.

Ұйымдастырушы әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі профессор Абдирайымова Г.С., профессор Шеденова Н.У., магистрант Байгереева А.С. болып табылады.

Басылым күні :  12.03.2015