О. Уайльдтің «Дориан Грейдің портреті» кітабын талқылау, «100 кітап»

Қарашаның 30-шы жұлдызында Философия және саясаттану факультетінде, "Әлеуметтік жұмыс " мамандығының студенттері кураторлары- Қылышбаева Бибигуль Наурызовна және магистрант Қайырxанова Айдананың басшылығымен әлем әдебиетінің үздік туындыларының бірі, Оскар Уайльдтің баға жетпес шығармасы "Дориан Грейдің суреті" атты кітапқа арнап, әдебиет кешін ұйымдастырды. "Сөздер,сөздер,қарапайым сөздер! Өмірде сөзден шыңайы не болушы еді!" -деген ұранмен осы кітапты талқыға салды. Онымен қоймай студенттер өзара пікір бөлісіп , бір неше псиxологиялық жаттығулар жасады, солардың арқасында олар бір-бірінің псиxологиялық суретін салып көрді. Бұл кештің тәрбиелік мағынасы зор болды. Қатысқандардың барлығы соның арқасында өздері үшін түйін жасап, жақсы өмірлік сабақ алды. Адамның сұлулығы көркінде емес, жүрегі мен таза ниетінде екендігін жеткізуге арналған кеш, өз мақсатына толықтай жетті.

Басылым күні :  20.12.2016