«Отбасы және отбасылық тәрбие: қалыпты емес отбасылар және әлеуметтік көмек» атты Қазақстанадағы Отбасы Күніне арналған дөңгелек үстел

2015  жылдың 14 қыркүйегінде  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Философия және саясаттану факультетінде 123  дәрісханада «Отбасы және отбасылық тәрбие:  қалыпты емес отбасылар және әлеуметтік көмек» атты Қазақстанадағы Отбасы Күніне арналған дөңгелек үстел өтті. 

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  Философия және саясаттану факультеті,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  Гендерлік білім беру Орталығы, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы.

Ұйымдастырушы комитет: Абдирайымова Г.С.,Шеденова Н.У., Жаназарова З.Ж., Кабакова М.П., Шагырбаева М.Д., Отарбаева  А.Б.

Шақырылған қонақ:  «Открытая школа»  жалпы білім беру қорының  директоры, «Открытая школа» ақпараттық-әдістемелік журналының редакторы Попова Л.А.

Дөңгелек үстелге қатысушылар: Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының, психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының студенттері, оқытушылары, «Writing» үйірмесінің мүшелері.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: қазақстандық отбасылардың өзекті  мәселелерін отбасылық тәрбие және әлеуметтік көмектің технологиясын талқылау, «қалыпты емес» отбасыларды - ерекше қажеттілікті зәру отбасылар, асырап алушы отбасылар, ата-аналарымен  проблемасы бар отбасылар, нашақорлық және ішімдікке тәуелді отбасылардың мәселелерін талқылау. 

Басылым күні :  11.10.2015