Механика кафедрасының оқытушы – профессорлар құрамының бірінші курс студенттерімен кездесуі

Қазан айының 29 - да механика-математика факультетінің Ө.А.Жолдасбеков атындағы мәжіліс залында механика кафедрасының оқытушы – профессорлар құрамымен бірінші курс студенттерінің  кездесуі   өтті. Механика кафедрасы меңгерушісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Е.Туралина ұйымдастырған кездесуге кафедра меңгерушісі профессор З.Б.Ракишева, профессор А.Қалтаев, профессор Е.Темірбеков, профессор Э.К.Абдылдаев, доцент Н.К.Джамалов, доцент Т.О.Кунакбаев, доцент Ж.Т.Жумашева, доцент А.К.Тулепбергенов және оқытушылар А.Исмаилова мен Б.Сағитжанов қатысты. Кездесуге Механика кафедрасындағы «Механика»,  «Ғарыштық техника және технологиялар», «Робтотехникалық жүйелер» білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен  100 - ден аса студент  келді. Бірінші курс студенттерін  механика кафедрасындағы жалпы білім беру бағыттарымен, білім сатыларымен таныстырып, оларға бағыт бағдар берді. Жалпы мамандықтың болашағы, магистратураға, докторантураға түсу  талаптары жайында толық ақпарат берілді. Қос диплом алып шығуға мүмкіндік беретін Қазақ-Француз «Геоэнергетика (Mechanics. Energy)» білім беру бағдарламасы жайлы, ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктері жайлы студенттерді таныстырып өтті. Соңында профессорлар мен оқытушылар студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу әсерлі өтті.

Механика кафедрасы 

Туралина Д.Е.


Басылым күні :  06.11.2019