COMSATS ақпараттық технологиялар институтының өкілдерімен кездесу өтті

Механика-математика факультетінде COMSATS ақпараттық технологиялар институтының өкілдерімен кездесу өтті. Институт құрылымымен, білім беру бағдарламасы таныстырылды, ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ магистранттарға, докторанттарға, пост-докторанттарға және профессор-оқытушылар құрамы үшін стипендия алуға мүмкіндіктері айтылды. «Механика» мамандығының магистранттары мен докторанттары институттың тәрбиелік және қоғамдық өмірін белсенді түрде талқылады, сұрақтар қойылып, өзара ақпараттармен алмасты.

Басылым күні :  22.05.2018