Томас Мор Университетінің (Бельгия) ғалымдары Эразмус + халықаралық бағдарламасы бойынша сабақтарын өткізді

Механика-математика факультетінде, 6.02.18 - 9.02.18 аралығында Томас Мор Университетінің (Бельгия) ғалымдары  Stijn Coenen, Geert Van den Eijnden, Dirk Van Merode Эразмус + халықаралық бағдарламасы шеңберінде  «Applied curricula in space exploration and intelligent robotic systems - APPLE» жобасы бойынша шеберлік сабақтарын «Кәсіпкерлік және коммуникация»,  «Basys3 және Vivado көмегімен VHDL бағдарламалауға  кіріспе» тақырыптарында өткізді. «Кәсіпкерлік және коммуникация» мастер-класының қорытындысы бойынша  «Үздік бастау идеясы және оны іске асыру» тақырыбында конкурс өткізілді, конкурста студенттер, магистранттар өздерінің жаңа идеяларын ұсынды. Сондай-ақ, Барлық студенттер, магистранттар және оқытушылар мастер-кластарға қатысқаны туралы сертификаттармен марапатталды. 

Басылым күні :  22.05.2018